Қоғам

Талдықорғанда жеке тұрғын үйден 2 адамның мәйіті табылды

gov.kz

Қайтыс болған марқұмдардың тамағы кесілгені мәлімделген.

Әлеуметтік желіде Талдықорғанда Ақбастау көшесіндегі жеке үйлердің бірінен екі адамның денесі табылғанын жазып жатыр.

Instagram-дағы Krisp.tdk парақшасында қайтыс болғандардың тамағы кесілгені мәлімделген.

Қалалық полиция бұл ақпаратты растады, бірақ толық ақпарат берілмеді.

«Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.