Қоғам

Алматы облысында 33 жастағы әйел екі аптадан бері табылмай жатыр

Almaty.tv

Ол 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған.

10 күннен бері 33 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Мөлдір Әбдіманапова 25 желтоқсанда үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған.

Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, Алматы облысында Кеген ауылының тұрғыны 1990 жылы туған Әбдіманапова Мөлдір Берікқызы із-түссіз жоғалып кетті. 

Туысқандарының айтуынша, ол 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін қайтып оралмаған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

«Еріктілер, құтқарушылар мен полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.