Екі облыстағы республикалық автожолдар жабылды
Абай, Жетісу облыстарында үш республикалық жол жабық тұр.
Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.
Абай облысында — бір учаске
«Алматы-Өскемен» тасжолының 615-683 шақырым аралығы, Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылына дейін.
Жетісу облысында — 2 учаске
«Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін — 100 км;
«Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы, 58 км.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.
Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылған.