Нұрғали Нүсіпжановқа жаңа атақ берілді

6 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
Алматы облысы әкімдігі
Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжанов Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды.

«ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанұлының туған күні. Осы орайда ән өнерінің дарабозын Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлының атынан құттықтап, облыстың «Құрметті азаматы» атағын табыстадық», – делінген Алматы облысының әкімдігінің ақпаратында.

Тэгтер:

әнші атақ Нұрғали Нүсіпжанов Құрметті азамат