Қоғам

Шымкенттегі жантүршігерлік қылмыс: 2 адамды өлтіріп, біреуін жаралап кеткен

Otyrar.kz

Полиция күдіктіні ұстады. Ол 28 жаста, жұмыссыз болған.

Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шымкент полициясы мәлім етті.

Otyrar.kz басылымының жазуынша, 4 қаңтарда 1984 жылғы марқұмның денесі, ал 5 қаңтар күндіз екінші адамның мәйіті табылды.

Бұған қоса күдікті бейсенбі күні тағы бір адамды пышақтаған. 1975 жылғы науқасқа ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция күдіктіні ұстады. Ол 28 жаста, жұмыссыз.

"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптама жасалады. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - делінген Шымкент ПД ресми хабарламасында.