Жаңалықтар

ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ТЖМ

Мамандардың айтуынша, газ баллондардың жарылуының негізгі себептері - қауіпсіз пайдалану талаптарын және газ жабдықтарын сақтау ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі.

Қазақстанда 2023 жылы баллондардың жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылы болған 128 оқиға тіркелді. Онда 21 адам қаза тауып, 167 адам жарақат алды. ТЖМ ресми сайтында осы мәліметтерді келтіріп, қазақстандықтарға үндеу жасады.

«Газ баллондарының жарылыстары мен газ-ауа қоспасының тарсылының жиілеп кетуі елеулі алаңдаушылық туғызады. Осы жылдың басынан бері газ-ауа қоспасының тарсылы болған 4 оқиға тіркелді. Онда 3 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды», - дейді құтқарушылар. 

Мамандардың айтуынша, газ баллондарының жарылуы мен газ-ауа қоспасы тарсылының негізгі себептері - қауіпсіз пайдалану талаптарын және тұрмыстық газ баллоны мен газ жабдығын сақтау ережелерін бұзу, олардың дұрыс жұмыс істемеуі. 

«Жылыту маусымына дайындық кезінде азаматтарға қауіпсіздік шараларын түсіндіру және пештерді дұрыс салу бойынша өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді. Жылыту маусымы басталғаннан бері 1,6 млн-нан астам үйді аралап, 3 млн-ға жуық азаматқа нұсқау берілді. Өткізілген іс-шараларға қарамастан, өткен 2023 жылы қатты отынмен жанатын пештен шыққан улы газбен уланудан 11 адам қаза тауып, 42 адам жарақат алды. Улы газдан уланудың негізгі себептері-жабық тұрған  жапқыш, бітелген мұржа, пештің тартпауы, пештегі жарықшалар», - деп ескертеді ТЖМ өкілдері.