Экономика

Қырғызстаннан құжаты жоқ бір вагон темекіні елге кіргізбек болғандар ұсталды

Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті құжаты жоқ құны 808 млн теңгені құрайтын вагон темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталды. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 млн теңгеден асады.

ҚР  ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.