Қоғам

Астанада адам ұрлаған алаяқтар ұсталды

Loren ELLIOTT

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Елордада адам ұрлап, оны бопсалаған топ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі», – делінген хабарламада.

Антикордың мәліметінше, олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген.

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.