T-Newspaper

Декларация: Мүлкін жариялау кімдерге міндет?

ашық дереккөз

Биыл елімізде жалпыға бірдей дек­ларациялаудың тағы бір кезеңі баста­ла­ды.

Бұл – 2021 жылы енгізілген жал­­­­­пыға бірдей декларацияның үшін­ші кезеңі. Яғни, енді мемлекеттік қыз­мет­керлермен қатар, кәсіпкерлер, заң­ды тұл­ғалар жиған-терген, қолда ба­ры мен дүние-мүлкін түгел түгендеп есеп беру­ге міндеттеледі. 

Еске салсақ, Қазақстанда жалпыға бір­­­дей декларация 2021 жылы ен­гі­зіл­ді. Бірінші кезеңде лауазымды мем­ле­кет­тік қызметкерлер мен олардың жұ­бай­лары мүлкін жария ету науқанына қа­тыс­қан болатын. Оған сәйкес жылжымайтын мү­лік, жер учаскелері, әуе және теңіз ке­ме­лері, көлік құралдары, арнайы тех­ни­ка­лар, шетелдік банктердің есепшотында сақ­талған қаражат көрсетілуі керек бол­ды. Мемлекеттік кірістер комитетінің мә­­­ліметінше, декларацияны 500 мыңдай адам уақытында тапсырған. Ал үлгер­ме­ген­дерге айыппұл салынды.  Екінші кезең – 2023 жылы мүлкін мем­лекеттік және квазимемлекеттік ме­ке­ме қызметкерлері мен олардың жұ­бай­ла­ры жария етуге міндеттелді. Олардың са­ны шамамен 2,1 миллионға жуықтайды. Жалпы, декларация қорытындысы құ­­­пия саналады. Сондықтан декларацияның екі кезеңі туралы нақты мәлімет жоқ. Де­генмен Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы мобильдік аударымдарға қа­тыс­ты мәліметтерде 8 мың мемлекеттік қыз­метші мен олардың жұбайы заң бұзуы мүм­кін деген күдікке ілінетінін мәлімдеді. Осы секілді ішінара мәліметтер болмаса, жал­­пы мәліметтерді, декларация нәти­же­сін салық органдары өз қызметтеріне пай­­даланады. Енді, келесі үшінші кезең – кәсіпорын бас­шылары, құрылтайшылар заңды тұлға, же­ке кәсіпкерлер және олардың жұбай­ла­ры декларация тапсыратын болады. Олар­дың саны шамамен 3,9 миллиондай бо­ла­ды. Одан кейін 2025 жылы соңғы кезең – 6,4 миллион жеке тұлға жеке дүние-мүлкін жариялайтын болады. Жалпы, декларацияны қалай, қайда, қа­шан тапсыру керек деген секілді сұ­рақ­тар­дың жауабынан, негізгі мәліметтерден ха­лық толық хабардар емес екені бай­қа­лады. Ал биылғы декларация экономи­ка­лық тұрғыдан белсенді халықтың біра­зы­на қатысты екенін ескерсек, нақты қандай дү­ниені жариялау керек, декларациядан ке­шіккендерге немесе тапсырмағандарға қан­дай шара қолданатынын да зерттеп кө­руге тырыстық.

Меншігін жария ететіндер кімдер?

13 желтоқсанда Орталық коммуни­ка­ция­лар қызметінде МКК өндірістік емес тө­лемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы са­лық режимдерін әкімшілендіру де­пар­таментінің директоры Нұржан Қуандықов жал­пыға бірдей декларациялаудың екі ке­зеңі туралы айтып, үшінші кезең қалай өте­т­іні туралы ақпарат берген болатын. – Декларацияда Қазақстан Респуб­ли­ка­­­сында да, шетелде де бар барлық мүлік көр­сетілуге тиіс. Атап айтқанда, бағалы қа­ғаздар, цифрлық активтер, үлестік қа­тысу шарттары, 10 мың АЕК немесе 34,5 млн теңге шегіндегі қолма-қол ақша, сон­дай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік пен автокөлік құралдары көрсетілуге тиіс, – деп түсіндірді комитеттің ресми өкілі. Сонымен, биыл жеке кәсібін дөң­ге­ле­тіп отырған шағын және орта бизнес өкіл­дері де табысын жария ететіндердің қа­тарына қосылмақ. Активтер мен мін­дет­темелер туралы декларацияны жұмыс істеп жүрген жауапкершілігі шектеулі се­рік­­тестердің басшылары мен жеке кә­сіп­кер­ліктерден басқа, өз қызметін уақытша тоқ­татқан және жұмыс істемей тұрған же­ке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестіктің басшылары да тап­сыру­ға тиіс, себебі олар қағаз жүзінде тір­­­келген кәсіпкерлер деп есептеледі. Егер же­ке кәсіпкерлік немесе ЖШС жұмысын жал­ғастыруды жоспарламаса, онда кә­сіп­кер өз бизнесін 2023 жылдың аяғына дейін жауып, 2024 жылы декларация тап­сыр­мауына болады. Дегенмен 2025 жылы бәрібір жеке тұлға ретінде тапсыратын бо­лады, өйткені алдағы жылдан бастап жал­пыға ортақ декларация жалпы халық­қа да міндеттеледі. Сонымен қатар кәсіпкерлердің жұ­бай­лары Қазақстан азаматы бол­ма­са да өз табыстарын декларациялауы ке­рек. Бұл ереже ажырасқан ерлі-зайып­ты­ларға да қатысты екенін айтып өткен жөн. Мысалы, егер кәсіпкер мен оның жұ­байы 2024 жылғы қаңтарда ажырасса, екеуі де активтері мен міндеттемелері ту­ралы декларация тапсыруы керек, өйткені 2023 жылы олар жұп ретінде әлі тіркеуде болған. Бұл арқылы салық органдары та­бы­сын жасырғысы келіп, әдейі ажырас­қан­­дарды анықтап, оларды салық төлеуге мін­деттегісі келеді.

«Меншігіңнің бәрін жария ету міндетті емес»

Дегенмен бұл меншігіңдегі мүліктің бә­рін жариялау керек деген сөз емес. Жарияламай-ақ қоюға болатын мен­шік түрлері де бар екен.  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мә­ліметіне сүйенсек, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарт­тары, инвестициялық алтын, зияткерлік мен­шік және авторлық құқық объектілері, 34,5 млн теңге (10 мың АЕК) шегіндегі қол­­ма-қол ақша, нотариалды куәланды­рыл­ған қарыз шарттары, құны 3,4 мил­лион теңгеден асатын мүлік (мәдени құн­­­­­­­дылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл­тұ­­қым­ды жануарлар) декларациялануы ке­­рек меншікке жатады. Тарқатып айтар болсақ, 250 фор­ма­да­ғы активтер мен міндеттемелер ту­ралы декларацияда шет мемлекетте тір­келген барлық жылжымалы және жыл­жы­майтын мүлік жазылады. Оның ішінде жер учаскелері мен жер үлестері, көлік, ар­найы техника, ұшақ пен кеме сияқты жыл­жымалы мүлік, шетел банктерінде аш­қан шотында сақталған 1 000 АЕК-тен ас­там қаражат, шетелде құрылған заңды тұл­ғаның жарғы капиталына қатысу үлесі. Бұл декларацияда Қазақстанда тір­кел­ген жылжымалы және жылжымайтын мү­лік, оның ішінде гараждар, жер учас­ке­лері, саяжайлар, үйлер, автокөліктер көр­се­тілмейді, өйткені бұл ақпарат уәкілетті ор­гандарда бар, мемлекет оларды біледі екен. Сондай-ақ декларацияда Қазақ­стан­да­ғы банк шоттары да көрсетілмейді, өйт­­­кені мемлекет олар туралы біледі, оған тек шетелдегі шоттар туралы ақпарат қана қажет. Егер шетел банк шотында 1 000 АЕК-тен астам ақша жатса, ол деклара­ция­да көрсетілуі керек, ал егер 1 000 АЕК-тен аз болса, онда көрсетпеуге болады. Ал қайда болғанына қарамастан жа­рия ету керек мүлікке үлескер келісім­шар­ты негізінде алынған тұрғын үйдегі үлес, ба­ғалы қағаздар, инвестицияланатын ал­тын, зияткерлік меншік және авторлық құ­қық объектілері, мөлшері 10 000 АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақша (егер одан ар­тық болса, онда 10 000 АЕК ғана жа­зы­ла­ды), нотариалды куәландырылған ке­лі­сім­шартпен бекітілген басқа тұлғалардың сіз­ге деген қарызы немесе өзіңіздің бас­қа­ға қарызыңыз жатады. Банк алдындағы қа­рыз көрсетілмейді, өйткені ол – салық ор­­гандарына анық мәлімет. Одан бөлек, се­­німгерлік басқаруға тапсырылған мүлік­ті де жазу міндетті. Декларацияны екі түрлі тәсіл арқылы тап­сыруға болады. Қағаз жүзінде немесе элек­тронды нұсқада. Қағаз жүзіндегі дек­ла­рацияны ХҚКО арқылы немесе жер­гі­лік­ті мемлекеттік кірістер департаментіне ха­барламасы бар тапсырыс хатпен пошта ар­қылы жіберуге болады. Электронды түр­де салық төлеушінің кабинеті, eGov порталы, esalyq azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы жолдауға болады. Қазір декларацияны қабылдау бас­та­лып кетті. Яғни, 2024 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап есеп беруге болады. Бұл ретте қа­ғаз жүзіндегі декларацияны 2024 жыл­ғы 15 шілдеден кешіктірмей, электронды түр­де 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешік­тір­мей жіберу керек. Яғни, бұл шара шетелде мүлкі бар, бір­ақ жасыруы мүмкін азаматтарға тос­қауыл қоюға бағытталып отырғанын еске сал­ған маңызды. Ал жасырғандарға жаза да қарастырылған.

Мүлкін жасырғандарды қандай жаза күтеді?

Осы жерде бір сұрақ туындайды. Аза­маттардың шетелдегі мүлкін жа­сырғанын қалай анықтауға болады? Ол белгілі болмаса, жаза қалай тағайындал­мақ? Айта кету керек, 2014 жылы Қазақ­стан салық мәселелері бойынша өзара әкім­­­шілік көмек туралы Страсбург кон­вен­циясына қосылды. Бұл біздің мемлекет басқа қатысушы елдермен резиденттердің қар­жы шоттары мен есептері туралы ақ­парат алмасады дегенді білдіреді. Осы­лай­ша, салық органдары жеке тұлғаның Қа­зақстан Республикасынан тысқары жер­лер­дегі мүлкі бар екені туралы жасырын ақ­паратты көре алады екен. Сонымен, декларация тапсырмағандар және толық емес немесе жалған мәлімет ұсынғандар әкімшілік жауапқа тартылады. Са­лық органы бірінші ретінде ескерту жа­сайды да, екінші ретінде декларация тап­сырмағаныңыз үшін 15 АЕК, ал мә­лі­мет­терді толық ұсынбағаныңыз үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салады. Ал егер кәсіпкер салық салу объек­ті­ле­рін жасырса, оған төленетін салық үс­ті­не салық мөлшерінің 200 пайызы көле­мін­де айыппұл салынады, ал жағдай қай­таланса, 300 пайызындай айыппұл са­лынады. Егер кәсіпкер шетелде орналасқан мүл­кі, сондай-ақ шетелдегі банк шотта­рын­­да жатқан ақшасы туралы мәлімет­тер­ді жасырса, онда 100 АЕК көлемінде айып­пұл төлейтін болады. Егер бір жылда жа­сы­рын мәлімет декларацияда түзетілмесе, 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  Егер кәсіпкер қатесін өз бетінше тү­зей­тін болса, айыппұл салынбайды. Бақы­лау жалпыға ортақ декларациялау барлық азаматтарды қамтыған кезде басталады. Жалпы, кәсіпкер бизнесін ашық жүр­гізіп, салық органдарынан ештеңе жасыр­ма­са, бүккені мен жасырғаны жоқ болса, дек­ларациядан ешқандай қауіп те жоқ, оны тапсырудың қиындығы да болмайды. – Салық кодексінде тәуекелдің үш дә­ре­­жесін қарастыратын камералдық ба­қы­лау бар. Олар: төмен, орташа және жо­­­­ғары тәуекел. Төмен дәрежелі тәуекел үшін ештеңе болмайды. Тәуекел дәрежесі орта­ша заң бұзу бойынша хабарлама жі­бері­леді. Тәуекел дәрежесі жоғары болса, ха­бархат жіберіледі. Хабарлама жеке тұл­ғаға жіберіледі және сіз оған жауап бере­сіз. Сіз өзіңізге 10 пайыз салық тағайын­дай­сыз немесе біз қарастырып, қорытын­ды жасаймыз. Не тексеруге шығамыз, не бұзу­шылықтар жойылғанға дейін жұмыс іс­тейміз, – деп мәлімдеген болатын Мем­ле­кеттік кірістер комитетінің өкілі Нұр­жан Қуандықов. Осылайша, жалпыға ортақ деклара­ция­лау бір рет емес, жыл сайын тапсы­ры­лып тұрмақ. 2025 жылдан бастап барлық аза­мат декларация тапсыруға міндетті бо­лады. 2025 жылы 13 миллионнан астам адам декларация тапсырады деген болжам бар. Дегенмен Мемлекеттік кірістер орган­дары декларациялардағы көр­сетілген деректердің дұрыстығын 2026 жылы ғана тексере алады екен. Осы­ған қарағанда, алдағы екі науқанның мә­ліметтері енді ғана тексеріліп жатқан сияқты. 

Деректердің ашық болғаны абзал

Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың кіріс­тері мен мүлкі туралы декларация сы­байлас жемқорлықтың алдын алуға, заң­сыз баю және мүдделер қақтығысын анық­тауға мүмкіндік беретін қуатты құрал ретінде әлемдік тәжірибедегі таны­мал құрал саналады. Дүниежүзілік Банк­тің мәліметтері бойынша, шенеуніктердің кірістері мен дүние-мүлкі туралы ақпарат­ты жариялау туралы талап 150-ден астам елде бар екен.  Одан бөлек, жеке тұлғалардың та­быс­тары мен мүлкін декларациялау ха­лық­тың нақты табыстарын салықтық бақылау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қи­мыл құралы ретінде әлемнің көптеген елін­де қолданылады. Олардың қатарына АҚШ, Канада, Германия, Франция, Шве­ция, Финляндия, Дания, Аустралия, Чехия, Италия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Швей­ца­рия, Чили, Ұлыбритания, Бельгия, Гре­ция, Венгрия, Польша, Португалия, Испа­ния, Эстония, Норвегия, Нидерланд, Сло­вения және т.б. елдер кіреді. Айта кету керек, осы елдердің көбінде та­быс пен мүлік туралы декларациядағы ақ­парат ашық қолжетімді. Мұндай қол­жетімділік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде декларациялардың құндылығын арттыратыны түсінікті. Осы арқылы халық пен БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін жә­не декларацияның дұрыс жүргізілуін ба­қы­лайтын мекемелердің үстінен қада­ға­лап, декларациялардағы мәліметтерді тек­серу құқығына ие бола алады. Яғни, мұн­дай мүмкіндікті біздің елімізде де қол­дану сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу­ге сеп болары анық.

P.S. Сонымен, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңіне аяқ бастық. Қорыта айтқанда, декларация табысын жасырғандарға, жасырғысы келетіндерге ғана жүк болмақ. Мұның алдындағы екі кезеңнің деректері ашық жарияланған жоқ. Дегенмен құзырлы органдар сол деректердің негізінде әділ жұмыс істесе, көптеген заңсыздық пен бассыздық тыйылары анық.