Жаңалықтар

«Майқайыңалтын» шахтасындағы апат: 2 адам әлі табылмай жатыр

ТЖМ

Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр.

Павлодар облысында «Майқайыңалтын» кеніші аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

«Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев жүр.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, «103» қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.

Еске салсақ, 4 қаңтарға қараған түні «Майқайыңалтын» кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, 4 адам мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен.

Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.

4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі құтқарушының денесі табылды.