Жаңалықтар

Жетісу облысында сарбаз қаза тапты

Марқұмның отбасы қаралы хабарды 21 желтоқсанда естіген.

Әскерде үш ай қызмет еткен сарбаз қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі жас жігіттің менингиттен көз жұмды десе, туыстары оның ауырып өлгеніне сенбей отыр, деп хабарлады turkystan.kz АSTANATV телеарнасына сілтеме жасап. 

Әмір Байтұрғанов әскерге 2023 жылдың күзінде шақырылған. Марқұмның әкесі оның өз болашағын Отанға қызмет етуге және қорғауға арнағанын, әскерге шын ықыласымен барғанын айтты. Сонымен қатар баласының спортпен шұғылданын, әрқашан шымыр болғанын еске салды. 

Марқұмның отбасы 21 желтоқсанда қаралы хабарды естіген.

Атыс дайындығы сабақтарынан кейін Әмірдің жағдайы нашарлай бастаған. Сол күні ол жоғары дене қызуымен ауруханаға түседі. Бір уақытта әскери бөлімдегілердің оның қызуын басқандай болғанымен, сарбаздың ауруы қайта асқынған.

Алайда марқұмның туыстары балаларының бұлай қайтыс болғанына сенбей отыр. Жақындарының айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы бүйрегінің ауырып жүргеніне шағымданған. Алайда ол өз уақытында ем-домын ала алмаған.

Әкесі ұлымен жиі хабарласып тұрғанын айтады. Ұлының айтуынша, казармаға лауазымды тұлғалар тексеріспен келген. Басшылары қалай тексеріс бітеді, дереу емханаға жатқызылады деп айтқан. Алайда жағдай мүлде басқаша болған.

Туыстары балаларының созылмалы пиелонефриттен көз жұмды есептеп отыр. Десе де, қорғаныс министрлігі сарбаздың бүйрек ауыруынан қайтыс болғанын жоққа шығарды.

Марқұмның әкесі Бас прокуратураға тергеу барысын ерекше бақылауға алуды сұрап отыр.