Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ: 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

«Қазгидромет» республика аймақтарында 5 қаңтар күні болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.