Қоғам

Пиротехниканы заңсыз сатқандарға 40 миллион теңге айыппұл салынды

12 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдың 25 желтоқсаны мен 2024 жылдың 3 қаңтары аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған іс-шара нарықта сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының сақталуына бағытталған.

Іс-шара барысында азаматтық қорғау бөліністері қызметкерлерімен бірлесіп сауда орындарында 4,5 мыңнан астам рейд жүргізілді. Пиротехникалық бұйымдардың айналымы қағидаларының 900-ден астам бұзушылығы анықталды (2022 жылы 800 дерек).

Бұзақыларға шамамен 40 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Іс-шара барысында 12 мыңнан астам сертификатталмаған пиротехникалық бұйым тәркіленді. Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына ерекше көңіл бөлінді.

Бұдан басқа ересек адамдар күйік жарақатын алу фактілері де тіркелді. Олар алкогольдік мас күйінде қауіпсіздік шараларын сақтамай, пиротехникалық бұйымдарды қолданған, салдарынан өздері ғана емес жанында кетіп бара жатқан адамдар да жарақат алған.