Президент екі министрдің орынбасарларын тағайындады

4 қаңтар, 2024 / Меруерт Сағымхан
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев екі министрдің орынбасарларын тағайындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдің екі министрлігі басшыларының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Президент министрлік Тағайындау орынбасар