Қоғам

Алматыда көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті

Көпірдегі өрт салдарынан Қарасай ауданында кептеліс болды.

Алматыдағы Алтын Орда базарының маңындағы көпір үстінде жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Sputnik Қазақстан сайтының мәліметінше, жүк көлігі 4 қаңтарға қараған түні сағат 05:27-де өртенген.

Жүк көлігі иелерінің айтуынша, өрт дөңгелектеп шыққан, яғни техникалық ақаулықтан болған.

Ал төтенше жағдайлар саласы мамандары өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын айтады.

Көпірдегі өрт салдарынан Қарасай ауданында ондаған шақырым көлік кептелісі болды.