Спорт

Елена Рыбакина WTA турнирінде ширек финалға жолдама алды

ktf.kz

Турнирдің 1/8 айналымында Рыбакина бельгиялық Элизе Мертенспен кездескен болатын.

Брисбенде өтіп жатқан WTA турнирінде Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің 1/8 айналымында Рыбакина бельгиялық Элизе Мертенспен кездескен болатын. 

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисші 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Оның келесі қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Брисбендегі халықаралық турнир жыл сайын қаңтар айының алғашқы күндері өткізіледі.