Алматыда аудан әкімінің орынбасары 14 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті. Сома мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған», – делінген хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.