Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 43,8 млн теңге жымқырылған

4 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
kz.testing.kz
Сондай-ақ университетке тиесілі 7,9 млн теңгеге коммерциялық үй-жайды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі ұрлықты анықтады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Келген шығын — 43,8 млн теңге, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр. 

Тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 млн теңгеге коммерциялық үй-жайды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

Тэгтер:

Бюджет жымқыру Қазақ ұлттық аграрлық университеті прокуротура