Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.
Елдің басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.