Түгел түркі

Түркияда студенттер Қазақстан туралы кеш өткізді

Қазақстанның өткені мен бүгіні баяндалды

Түркияның Ескішехир қаласында оқитын студенттер Қазақстан жайлы кеш өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, Анадолы университетінде өткен шарада еліміздің тарихы туралы сахналық көріністер қойылып, Қазақстанның өткені мен бүгіні баяндалды. Шәкірттер ән айтып, би билеп, ұлттық өнерімізді таныстырды.

Жиын соңында Ыстамбұлдағы Қазақстан сауда және мәдениет орталығының атынан белсенді студенттерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.