Қоғам

Өскеменде көлік Ертіс өзеніне батып кетті

Көлік иесі көлікті қойған кезде қауіпсіздік шараларын орындамаған.

Өскемен қаласының Самал саябағы ауданында куәгерлер Ертіс өзенінде тұрған көлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан, деп жазды turkystan.kz.

Оқиға орнынан келіп жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы қызметкерлері жаңғадан 100 метрде тұрған «Subaru Impreza» маркалы көлікті көрген.