Анасы таксиде ұмытып кеткен 4 жасар қыз табылды
Анасы 4 жасар қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.
Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған таксиде анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәлім болғандай, төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен.
Lider kz волонтерлерінің хабарлауынша, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.
Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.
«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды», – деп хабарлады ведомстводан.