Жаңалықтар

«Бірқатар мәселелерге қатысты пікір айтылған»: Шолпан Каринова Президент сұхбаты жайлы

Ол Президенттің тағы бір мәрте заң үстемдігі, тәртіп, зорлық-зомбылыққа, жол бермеуді мықтап атап өткенін жеткізді.

«AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді.

«Сұхбатта қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерге қатысты пікір айтылған. Бәрі еліміз үшін аса маңызды. Президент тағы бір мәрте «Мен елімізде «заң мен тәртіп» қағидатының орныға түскенін қалаймын. Сондықтан нақты жауап берейін, тұрмыстық  зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын.

Біз қоғамды ішінен ірітетін, адамгершілікке жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек» деп  заң үстемдігі, тәртіп, зорлық-зомбылыққа, жол бермеуді мықтап айтты.

Қоғамымызда балаларға және әйелдерге қатысты қылмысқа, зомбылыққа еш жол берілмеуі керек», - деді ол.