Жаңалықтар

Депутат: ЖЭО-дағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары

Бауыржан Смағұловтың айтуынша, өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған.

Жылу электр орталықтарындағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары. Бұл туралы Парламет мәжілісінің депутаты Бауыржан Смағұлов Мемлекет басшысының "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған сұхбатына қатысты білдірген пікірінде айтты.