Саясат

Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор – Мемлекет басшысы

Президент АЭС салу мәселесін халық шешетінін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында АЭС салу мәселесіне байланысты пікірін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның құны мен экологияға әсерін қаперден шығаруға болмайтынын айтады.

Болашақта әлі талай қоғамдық талқылау өткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді», - дейді Президент.