Жаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 4 жасар қыз іздестіріліп жатыр

Konaev.kz

Анасы қызды белгісіз ақ көлікте қалдырып кеткен.

Полиция Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салды. Бүлдіршіннің анасы қызды Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қалдырып кеткен.

Іздеу жұмыстарына кіріскен еріктілердің мәліметінше, 2024 жылы 2 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында 1984 жылы туған Бақытгүл Қалмақбай есімді келіншек Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шығады. Ол жол-жөнекей көлік тоқтатқан. Келіншек қалаға жете сала шамамен сағат 20:49-да көлікте ұйықтап жатқан баланы қалдырып, Б.Момышұлы көшесіне жетпей, Райымбек көшесінен түсіп қалған. 

Айрықша белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көзінің түсі қоңыр.