Жаңалықтар

14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлерінде 3 қаңтар күні болатын күн райына болжамын жариялады.

Қазгидрометтің болжамынша, 3 қаңтар күні Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

 Қостанай облысының солтүстік жартысында таңертең және күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетежі.

 

Қостанайда таңертең және күндіз бұрқасын болады.

3 қаңтарда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеі.

Қарағандыда 3 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 16 м/с-ке жетеді.

 Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылордада кей уақытта тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсед.

Шымкентте кей уақытта тұман түседі.

 Абай облысының солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

Семейде 3 қаңтарда бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

 Павлодар облысында бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодарда бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

 Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с.

Өскеменде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

 Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырауда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

 Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-кежетеді.

 Түнде Қостанай облысында ауа температурасы - 23-28 градусқа дейін тқмендеід.

 Түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының 25-30 градус аязға дейін күрт төмендейдә.

Түнде Ақмола облысында ауа температурасының 21-26, облыстың оңтүстік бөлігінде 13-18 градусқа дейін күрт төмендейді.

Астанада түнде ауа температурасы 15-17 градус аяз болады. 3 қаңтарда түнде Павлодар облысында 20-25 градусқа дейін аяз болады.

 Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғып, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда 3 қаңтарда түнде 26-28 градусқа дейін аяз болады.

2-04 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 2-4 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 2 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, 03-04 қаңтарда облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 03-04 қаңтарда тұман күтіледі. 02 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.