Қоғам

Атырау облысында балық қырылып жатыр

qyzyljarnews.kz

Балықтың қырылу себебі әзірге белгісіз

Атырау облысындағы Соленое каналында балық қырылып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ақпаратына сүйенсек, бүгін, 2 қаңтарда аталған каналда балықтың қырылғаны туралы ақпарат түскен.

«Атырау облысының Жылыой ауданындағы Соленое каналында балықтың қырылғаны анықталды. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін бүгін, 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен құралған комиссия оқиға орнына аттанып кетті», - деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі.

Мамандардың түсіндіруніше, балықтың қырылу себебі әзірге белгісіз. Оның себебі судан алынатын сынаманың қорытындысынан соң белгілі болады.