Жаһан

Токио әуежайында Japan Airlines ұшағы өртеніп кетті

Видеодан алынған кадр

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз

Токионың Ханеда әуежайында Japan Airlines ұшағы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

Japan Airlines ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланғанын хабарлады.

Кадрларда ұшақты шарпыған үлкен жалын көрінеді. Ұшақ толығымен өртеніп кеткен, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі алысып жатыр.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.