Қазақстандық оқушылар 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады
Мемлекеттік тілден қорытынды емтиханды барлық сынып оқушылары тапсырады
Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, яғни мамыр айында студенттер мемлекеттік тілді білу деңгейінен тестілеуден өтеді, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл емтиханды 9 және 11 сынып оқушылары ғана тапсыратын.
Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады.
Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.
Бұл ретте 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.