Қоғам

Еліміздің екі облысында 3 жол учаскесі жабылды

Ашық дереккөз

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады

Қазақстанның 2 облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Жетісу облысында — 1 учаске:

1. "Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. — Достық ст. дейін — 100 км.

Қарағанды облысында — 2 учаске:

1. "Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, Новостройка а.-Ақсу-Аюлы к. дейін — 105 км.

2. "Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы», Пришахтинск а. — Новостройка а. — 16 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 392 бірлік техника және 599 адам жұмылдырылды.