Қоғам

Өткен тәулікте ел аумағында 100-ге жуық өрт болды

ТЖМ

518 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Жаңа жыл түні ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте, яғни 31 желтоқсанда мамандар 163 мәрте құтқаруға аттанды, оның 94 — өрт, 68 — іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар.

Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескерту, ауа райының өзгеруі, жабылған жолдар туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырады.