Жаһан

Түркияда жер сілкінісі тіркелді

Ашық дереккөз

Адамдар Жаңа жылды көлікте, көшеде қарсы алуға мәжбүр болды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хаккари провинциясында бірден үш жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Адамдар Жаңа жылды көлікте, көшеде қарсы алуға мәжбүр болды.

Haber Global ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 4,4 балдық бірінші жер сілкінісінен кейін Түркия провинциясында тағы 3,5 және 4,5 балдық екі жер сілкінісі болған. Құрбандар мен инфрақұрылымға зақым келгені туралы мәлімет жоқ.