Екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 363 техника және 524 адам жұмыс істеп жатыр
Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске «Астана-Петропавловск» 18-234 км. Астана қ. - Щучинск қ. — 216 км
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Жетісу облысында - 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, ст.Көктұма - ст.Достық – 100 км.;
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 363 техника және 524 адам жұмыс істеп жатыр.