Саясат

Қазақстан бүгіннен бастап ҰҚШҰ-ға төраға болды

Ашық дереккөз

Қазақстан президенті ҰҚШҰ ұжымдық күштерін жедел өрістету мәселелері бойынша, әскери контингенттердің кедергісіз және тоқтаусыз транзиті жөнінде нормативтік-құқықтық базаны пысықтауға шақырды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағасы болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымға төрағалығы кезінде нақты қандай бағыттарға басымдық беретінін 23 қарашада ҰҚШҰ кеңесінің отырысында айтқан еді. Олар:

- әскери кадрларды даярлаудағы ынтымақтастықты жалғастыру;

- ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуетін ашу;

- халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты дамыту;

- есірткі трафигімен және психотроптық заттармен, оның ішінде синтетикалық заттармен күрес;

- қару-жарақтың заңсыз айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы күрес;

- ТЖ салдарының алдын алу және жою мәселесі бойынша ынтымақтастықты тереңдету;

- ақпарат технологиялары саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл.