5 облыста 10 автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
Ауа райына байланысты жолдар жабылып жатыр
5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында - 1 учаске: 1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ауылынан - Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске: 1."Өскемен-Шемонайха-РФ шек." автожолының 105-123 шақырымы, Шемонайха қаласынан - РФ шекарасына дейін -18 км.
Қарағанды облысында - 5 учаске: 1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы. Ақмола облысының шекарасынан - Теміртау қаласына дейін, 73 км. 2. "Екатеринбург - Алматы" автожолының 1505-1854 шақырымы. Новостройка аауылынан - Балқаш қаласына дейін, 349 км. 3. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 104-266 шақырымы. Нұра қаласынан -Теміртау қаласына дейін, 162 км. 4. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1445-1459 шақырымы. Теміртау қаласынан-Қарағанды қаласына дейін, 14 км. 5. "Бастау-Ақтау-Теміртау" автожолының 0-53 км, Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін, 53 км.
Қостанай облысында - 1 учаске: 1. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-335 шақырымы. Ұлытау облысының шекарасынан - Арқалық қаласына дейін, 83 км.
Ұлытау облысында - 2 учаске: 1. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 64-137 км. Жезді ккентінен Ұлытау ауылына дейін, 73 км. 2. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252 км. Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 115 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылды.