Қоғам

Байланыс сапасы нашар болса, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады – Мусин

Байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мусин кеше Оразақ ауылында ауыл тұрғындарымен, жергілікті әкімдік және байланыс операторлары өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар байланыс қызметінің сапасыздығын айтып шағымданды.

Айта кетейік, байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады. Ал операторлардың өздерінің айтуы бойынша бір базалық станцияны жаңғыртуға 15-20 млн теңге шегінде инвестиция қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша министр сапасыз байланысты тіркеген кезде мемлекетке төленетін айыппұлға қосымша операторлар клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаратын норманы бекітуді ұсынды.