Қоғам

Сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды

egemen.kz

Сотта кәсіпкер өз кінәсін толығымен мойындады

Сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу») бойынша жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2023 жылдың тамызда ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотта кәсіпкер өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.