Қоғам

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары отырған автобус аударылып кетті

ТЖМ

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ

29 желтоқсан күні сағат 18:50-де Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан. Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.