Қоғам

6 облыста республикалық 15 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

egemen.kz

Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне  шектеу енгізілді

6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар:

Ақмола облысында – 5 учаске, Жамбыл облысында – 1 учаске, Жетісу облысында – 1 учаске, Қарағанды облысында – 6 учаске, Павлодар облысында – 1 учаске, Ұлытау облысында – 1 учаске. Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты көліктің барлық түріне  шектеу енгізілді.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкері жұмыс істеп жатыр.