Қоғам

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

3 қаңтарға дейін көшкін қаупі сақталады

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті және «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы қар көшкінінің жүру қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Алматы облысының тауларында 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін көшкін қаупі сақталады. Осыған орай, құтқарушылар азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

«Егер сіз қандай да бір себептермен таулы жерде болсаңыз, қар көшкінін тудырмас үшін таулардың қарлы беткейлеріне бармаңыз. Егер сізге көмек қажет болса, 112 нөміріне дереу қоңырау шалыңыз» - делінеді Алматы облысы ТЖД хабарламасында.