Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар жолдардың 43 учаскесі жабылды
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді
Қазақстанның сегіз облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 43 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолдардың жабылуына қар аралас жаңбыр, көктайғақ себеп болған.
Ақмола облысында 12 учаске;
Жамбыл облысында 1 учаске;
Жетісу облысында 1 учаске;
Қарағанды облысында 5 учаске;
Қостанай облысында 7 учаске;
Павлодар облысында 2 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында 13 учаске;
Түркістан облысында 1 учаске;
Ұлытау облысында 1 учаске.
Айта кетейік, көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.