Қоғам

«Бес адамға бір көрпе»: Жалғызбасты ана төрт баласымен қиын жағдайда өмір сүрген

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері төрт перзентті жалғыз өзі асырап отырған жалғызбасты ананың үйіне арнайы барды.

Әлеуметтік желіде күйеуі 2015 жылы қайтыс болып, төрт баламен жалғыз қалған әйелдің тұрмыстық жағдайы көрсетіліп, көмек сұраған видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Онда жалғызбасты ана мен балаларының тіптен көрпе-төсегі жоқ екені айтылған.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері төрт перзентті жалғыз өзі асырап отырған жалғызбасты ананың үйіне арнайы барды.

Полицейлер әйелдің үйіне қажетті азық-түлік, көрпе-жастық, газ плита, ыдыс-аяқ, теледидар сыйға тартты.

Сонымен қатар ауласына бір қой байлап, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар үлестіріп, жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.

 Жалғызбасты ана полицейлердің ізгі амалына ризашылығын білдірді.