Спорт

Боксшы Санжар Тәшкенбай әскер қатарына алынды

Боксшы әскери киімде ант қабылдап жатқан сәтінен сурет жариялады.

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Қарулы Күштер қатарына алынды, деп хабарлады  turkystan.kz.

Боксшы Instagram-дағы парақшасында әскери киімде ант қабылдап жатқан сәтінен сурет жариялады.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – қазақ тарихындағы ең жас әлем чемпионы. Ол 2023 жылы мамыр айында Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Иордания астанасы Амманда өткен Азия-2022 чемпионатының жеңімпазы атанған.