Жаңа жылды қызыл түсті киім киіп қарсы алу керек – дизайнер
2024 жылы сәнде болатын түстерге келер болсақ, қызыл, ақ, қара,қою жасыл түстер сәнде болады.
Жаңа жылды қызыл түсті киім киіп қарсы ау керек. Мұндай пікірді бүкіл әлем дизайнерлері айтып жатыр. Неге десеңіз, осы жыл қызыл түс сияқты жарқыраған жарқын, қуанышқа толы болады.
Жалпы, қызыл түстің өзі кез келген қыз-келіншекке де, ер адамға да жараса кетеді. Өйткені бұл – бейтарап түс. Әрі жаңа жыл мерекесін сезіну үшін түрлі жылтырақ маталардан тігілген киімдерді киюге болады өйткені жылтырдың өзі жаңа жыл атмосферасын сездіреді. Ал 2024 жылы сәнде болатын түстерге келер болсақ, қызыл, ақ, қара,қою жасыл түстер сәнде болады. Енді әр адамның өз дене бітіміне, болмысына қарай киінсе, сол – ең сәндісі болады. Түрлі пайетка матадан тігілген белдемшелер, кең балақ джинса шалбарлар, кең ақ жейделер,түрлі көлемдегі гүлдер, аксессуарлар, киімге сән беретін түйреуіштер сәнде болады. Сырт киімдерге тоқталсақ, түрлі тондар танымал болады. Көктемде теріден тігілген күртешелер сәнге енеді. Нақты айтсақ, oversize, кең пішілген киімдер әлі де дүкен сөрелерін жаулайтын болады.