T-Newspaper

Бағаланбай жүргендер табысқа кенелетін жыл – нумеролог

Жылдың басты ұраны – жеті рет өл­шеп, бір рет кесу немесе асық­пай жүріп, аңдап басу. Кім жоспармен, стра­тегиямен жүріп әрекет етсе, сол адам ұтады.

Жаңа 2024 ұлу жылында 8 саны кіреді. 2+0+2+4=8. Ұлу жылында 8 саны – ну­меро­логияда ақшаның, карманың саны. Жаңа 2024 жыл – кәсіпкерлікке, ауқымды бизнестерге жол бастайтын жыл. Осы жылы кім шығысқа жол жүреді, сол адам ұтады. Қытай, Малайзия сынды елдермен қарым-қатынас тығыз болса, кәсіпкерлік, сауда, импорт, экспорт дамиды. Онлайн сауда дамиды, табысқа қол жеткізетіндер саны көбейеді.  Естуім бойынша, Мемлекет басшысы 2024 жылды Қазақстандағы Қытай туризім жы­лы деп жарияламақ екен. Қытайда Қа­зақ­станның туризм жы­лы болса, өте ке­ре­мет болар еді.  Бір кемшілігі – 8 са­н­ында карма бар. Мәселен, өткен жы­лы ма­хаб­бат жылы есі­гін ашты. Өйткені 7 саны – махаббат са­ны болатын. Орта жастағылар көп үй­лен­ді.  Ал биыл жастар шетелде еңбек етуге, үл­кен кәсіп бастауға, ауқымды бизнеске ұм­тылып отыр. Жоғарыда айтқан 8 саны­ның кармасына келсек, тарихта бұл жыл­дары кәмпескелеу көп болған екен. Үкімет ба­қылау жасап, халық басылып қалмаса екен деп ойлаймын. Өйткені бізде көп адам­ның сауаты төмендеу, жеке кәсіпкер ре­тінде тіркелу, оны жүргізу, жабу жағынан тү­сіндіру жұмыстары жүргізілсе деймін. Осы­лайша, халық қаржылық сауаттылыққа мән бере бастайды. Сонда декларация да у-шу­сыз жақсы өтер еді. Үкімет тарапынан кре­диттерді кешіру сынды қадамдар болуы мүм­кін.  Ұлу жылы өте баяу өтеді. Бұл көп адам­ның жоспарын жүзеге асыруына, табы­сы­ның артуына мүмкіндік береді. Мен мұны ұлуға қарап қана айтып отырған жоқпын. Өзім күнтізбеде әр күнді қарап отырамын. Егер жоспармен жүрсек, сол жоспар ылғи да жүзеге асатын болады. Алдағы 2 жыл баяу өтеді. Қазақстанның бірыңғай уақыт бел­деуіне көшуі де жайдан-жай емес. Уақыт баяу өткендіктен жылдың әр мезгілінде көк­темнің энергетикасы болады. Мәселен, биыл қыс жылы болады. Ақпан айында күн жы­ли бастайды. Сол себепті экологияда өз­герістер болады. Экологияны күту және тө­тенше жағдайлар жағына мән беру керек.  Биыл жасанды интеллект, кванттық сер­піліс жағынан қатты өзгерістер болады. Сондай-ақ 8 саны демографияға оң әсер етеді, халық саны көбейеді. ЭКО жоспарлап жүрген ата-аналарға жылдың берері бар.  Нумерология бойынша жылды 2-ге бөлуге болады. 2025 жыл өте жақсы, ты­ныш, жайдары өтеді. Екінші дүниежүзілік со­ғыс 1945 жылы аяқталғанын ескерсек, көр­ші елдердегі соғыс бірден тоқтамайды. 2024 жылда 4 саны бар, бұл сан – агрессия. Жылдың жартысына дейін, яғни маусым-шілде айларына дейін агрессия сақталады, ары қарай толқын тынышталады.  Жылдың басты ұраны – жеті рет өл­шеп, бір рет кесу немесе асық­пай жүріп, аңдап басу. Кім жоспармен, стра­тегиямен жүріп әрекет етсе, сол адам ұтады. Темпераменті от сияқты адамдар ұтылуы мүмкін. Жоспармен жүру керек деп жат­қаным да сондықтан. Өйткені уақыт ақы­рын өтеді, бәріне үлгереміз, тек асықпау керек. Аяқ асты шешім қабылдап, жоспарын бірден ауыстырғандар қате шешім қабыл­дауы мүмкін. Одан бөлек, білім беру, көгал­дан­дыру, экология, ландшафтқа көңіл бөлі­неді. Әлем халқы экологияға жіті мән бере­тін болады. 8-дің мәні сәттілікте. Жыл кар­ма жылы. Карма деген тек жағымсыз ма­ғынада айтылмайды. Бұл жерде 8 саны­ның мәні бұрын аянбай еңбек еткен адам­дар биыл еңбегінің жемісін жейді. Баға­лан­бай жүрген жандар, табысқа кенеледі. Яғни, жағымды жағынан өз кармасын алады. Биыл жаңа жылды шулы ортада қарсы ал­ған дұрыс. Өйткені осы жыл көңілді оты­рыстарды қажет етеді. Ал жылдың басты сим­волы – жасыл ағаш айдаһар. Ол қар­қын­­ды дамуды, күш пен энергияны білдіреді.

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ