Жаңалықтар

Өскеменде сырғанақтар мен мұз айдындары еріп кетті

yk-news.kz

28 желтоқсан күні қала көшелеріндегі көлшіктерді коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өскеменде ауа райының жылынуына байланысты қарлар еріп, қалада көлшіктер пайда болған. Тіпті мұз айдындары еріп, пішінін жоғалтуда, деп хабарлады turkystan.kz YK-News басылымына сілтеме жасап.

Осыған орай, 28 желтоқсан күні қала көшелеріндегі көлшіктерді коммуналдық қызметтер соруға шықты. Ал Республика алаңындағы сырғанақ бұрынғы пішінін жоғалтқан. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның шығысында күн жылы болады. 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ауа температурасы төмендеуі мүмкін.