Прокуратура: 965 студент ескі мөлшерлемемен шәкіртақы алып келген
Қазір студенттерге тиесілі барлық сомалар төленді, кінәлі адамдар жазаланды.
Павлодар облысында кколледж студенттерінің құқықтары бұзылған. Павлодар облысының прокуратурасы оқушылардың құқықтары сақталуына жүргізген талдауы медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны, оның өсуін есепке алмай, есептеу фактісін анықтады.
Мәселен, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды.
Шәкіртақы 10,5 мың теңгеге, 20 948-ден 31 422-ге дейін ұлғайған. Осыған қарамастан, ағымдағы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алуды жалғастырған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігі пайда болған берешекті өтеу үшін 40 млн. теңге іздестірді.
Қазір студенттерге тиесілі барлық сомалар төленді, кінәлі адамдар жазаланды.