Спорт

Қазақстандық жанкүйерлер «Реалдың» парақшасын «шабуылдады»

Жанкүйерлер клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларына лап қойды.

Қазақстандық жанкүйерлер «Реал Мадридтің» инстаграмдағы парақшасын «шабуылдады», деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық жанкүйерлер «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп қысқы трансфер кезінде «Реалға» жалға берілуі мүмкін деген ақпарат оқып, «корольдік» клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларына лап қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Әліп «Зенит» сапына 2022 жылы қосылды. Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 3 млн еуроға бағалайды.