Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

gov.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1989 жылы Ленинград жоғары әскери инженерлік құрылыс училищесін бітірді; 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді; 2006 жылы Орталық Азия университетін бітірген; 2013 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы Жоғары академиялық курстарды бітірді; 2018 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген, академиялық дәрежесі "магистр"; 2018 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне докторантурасына оқуға түсті.

Әскери атағы: генерал-лейтенант (2022). Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс. ІІ дәрежелі "Даңқ" (2018), ІІ дәрежелі "Айбын" (2012) ордендерімен марапатталған; Медальдар: мерейтойлық және еңбек сіңірген жылдары үшін.

1989-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды; 2007-2008 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы Тыл басқармасының бастығы; 2009-2010 ж.ж. – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары; 2010-2013 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы; 2013-2017 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы 2017-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары.; 2019-2020 ж.ж. – Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Біріккен штабы бастығының орынбасары; 2020 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары.